Ертең 2 облыста қар жауады

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең Алматы және Жетісу облыстарында қар жауады.

Ертең 2 облыста қар жауады
Фото: qazaly.kz
1458

Қазгидромет синоптиктері 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жаууы мүмкін. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с болады. 

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 14 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Серіктес жаңалықтары