Павлодар жол апатынан 2 адам қаза болды

Қайғылы оқиға Павлодар-Астана автожолының 12 шақырымында болды.

Павлодар жол апатынан 2 адам қаза болды
aikyn.kz
587

Павлодарда жол апаты болып, екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға Павлодар-Астана автожолының 12 шақырымында болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазан күні сағат 17.00-де Атамекен кентінен екі шақырымда Honda Еlysion маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне  аударылған. 

«Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші мен оның екі баласы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды», – деді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.  

Облыстық жедел жәрдем станциясында ақпарат сағат 16:50-де түскенін хабарлады. Бригада оқиға орнына алты минутта жеткен. 

«Жедел жәрдем келгенге дейін екі адам көз жұмды: 1960 және 1990 жылы туған ер адамдар», – деді станцияда. 

Үш адам ауруханаға жатқызылды. 33 жастағы ер адам Павлодар қалалық № 1 ауруханаға, ал алты айлық қыз бен алты жасар ұл облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

 

 

Серіктес жаңалықтары