Түркістан облысында ер адам дәрігерге пышақ ала жүгірген

Ер адам жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.

Түркістан облысында ер адам дәрігерге пышақ ала жүгірген
Freepik
807

Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.
 

«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.
 

Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары