Тамақтан құрт шықты: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды

Бұл жағдайға қатысты ата-ана шағым жазудан бас тартқан.

Тамақтан құрт шықты:  Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды
vseobovsem_pvl
1037

Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жағдайға қатысты ата-ана шағым жазудан бас тартқан.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралиннің айтуынша, М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің директоры сөгіс алды. 

«Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады», – деді Қуаныш Қыдралин.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Алайда білім беру бөлімі тексеріс өткізу үшін хат жолдаған.  

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттың ішінде құрты бар фото таралып кетті. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды растады. Бірақ пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары