Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Павлодарда мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінен құрт шықты.

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
vseobovsem_pvl
1192

Павлодардағы мектептердің бірінде тамақтан құрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Тексеріс нәтижесінде пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағаны анықталды.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото таралып кетті. Суретті оқушы анасына жіберген.

«Ботқаның ішінде тірі жеміс құрт табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген», – деп жауап берді М.Әуезов атындағы орта білім мектебінде. 

Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Сондай-ақ облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайтын болады.

 

Серіктес жаңалықтары