Жеке сот орындаушылар 87 балаға төленуі тиіс алиментті жымқырған

Прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді,

Жеке сот орындаушылар 87 балаға төленуі тиіс алиментті жымқырған
ашық дереккөз
768

Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше, екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

«Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шотынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған. Жалпы, олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған», - деп атап өтті ведомство өкілі.

Бүгінге дейін, прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары