Қазақстандық самбошылар Қырғыз елінде 22 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 2-орын алды.

Қазақстандық самбошылар Қырғыз елінде 22 медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкекте жастар арасында самбодан əлем чемпионаты мəресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күнге созылған бəсекеде 28 елдің балуандары жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 2-орын алды.

Мұнда Халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді.