«Бұл – қате түсінік»: имам Нұрлан Байжігітұлы «Математиканың орнына Құран үйретпей ме?» дегендерге жауап берді

Нұрлан Байжігітұлына оқырман сұрақ қойды.

«Бұл – қате түсінік»: имам Нұрлан Байжігітұлы «Математиканың орнына Құран үйретпей ме?» дегендерге жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Имам Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде оқырманның «Математика не үшін керек? Одан да мектептерде Құран үйретпей ме?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл – қате түсінік. Дінді бұлай бөлуге болмайды. Осы сияқты дінді бөлгеннен бізді «Ауғанстан», «сауатсыз» қылып жатыр. Математика – нағыз ғылымның атасы. Тек Құран оқи берсең, ертең Құранды сатасың. Құраннан басқа ештеңе білмейсің. Дұрыс емес ол. Білім – үйрену еркекке де, әйелге де парыз», - деді ол.