Жалған инфаркт: мейрамханаларда ақша төлемеу үшін өтірік ауырған ер адамның ісі әшкере болды

Ол бұл әрекетті 20 рет қайталаған.

Жалған инфаркт: мейрамханаларда ақша төлемеу үшін өтірік ауырған ер адамның ісі әшкере болды
Сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

Испанияның Коста-Бланка қаласында ер адам мейрамханаларда инфаркт алған адамдай құлап, ақша төлемей құтылып кетіп отырған деп хабарлады turkystan.kz The Sun-ға сілтеме жасап.

50 жастағы ер адам Коста-Бланкадағы мейрамханаларда түскі асқа тапсырыс беріп, тамақтанып болған соң өтірік жерге құлап, есеп төлемей келген.

Ер адамның бұл ісі әшкере болды, бірақ бірден емес. Ол жалған инфарктты 20 рет "алып" үлгерген. Енді ол 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

The Sun, ер адамның суреті