Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

9 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» 9 қазандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, ертең еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Еліміздің батысында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен елдің орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.