Бүгін Қытайда Азия ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Азия ойындарының жабылу салтанаты елорда уақытымен 18.00-ге белгіленген.
Дүбірлі дода биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтті.
Көптеген спорт түрінен жарысты Ханчжоу қабылдады. Ал кейбір жарыстар Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда болды.