1337
Ауғанстанда жер сілкінісінен 500 адам қаза болды
Табиғат апатынан келген шығынның көлемі әзірге нақты белгісіз.
Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 500-ге жетті, деп хабарлады turkystan.kz Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.
Тағы 1 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Табиғат апатынан келген шығынның көлемі әзірге нақты белгісіз. Кеше Ауғанстанның Герат аймағында 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы шаһардан солтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде тіркелді.
"Біздің ауруханамызға жер сілкінісі кезінде жапа шеккендер әлі түсіп жатыр. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Зілзаладан жарақат алғандар артуы мүмкін", – деді дәрігер Шахпур Мухиб.