Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы ақпарат "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ресми сайтында пайда болды.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғары қамқоршылық кеңесінің басшысы болды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ресми сайтында пайда болды.
Сондай-ақ кеңес құрамына премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ирғалиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми кірді.
Еске салайық, бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғары қамқоршылық кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болған еді.