Мектептегі дәретханаларда бейнекамера орнатылуы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл мәселенің кем-кетігін пысықтап жатыр.

Мектептегі дәретханаларда бейнекамера орнатылуы мүмкін
inform.kz

Алдағы уақытта мектеп дәретханасында бейнекамералар орнатылуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл мәселенің кем-кетігін пысықтап жатыр. Әуелі бұл сұрақ халық алдына ашық ұсынылып, қоғамдық талқылау жүргізіледі, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Үкімет мұндай қадамға кейінгі кезде мектепте жиілеп кеткен буллинг кесірінен баруға мәжбүр. Ведомствоның мәліметінше, елімізде әрбір бесінші оқушы қатарластарынан тепіріш көреді және соның барлығы дәл осы дәретхана ішінде болады. Себебі мектеп дәлізінде камералар әр бұрышта орналасқан. 

"Камераны дәретханада орнықтырған мәселені шешкенімен, кешенді шешкен дұрыс. Осыған біз бағытталып отырмыз. Әрине, камераны дәретханаға орнату мәселесі арнайы мамандармен, сарапшылармен ақылдасуды талап етеді. Өйткені бұл - жеке адамның құқығына әсер ету. Мәселе ертең көтерілуі керек", - дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.