Оксфорд ғалымдары жүйке жасушаларын 3D принтерден басып шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz университеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олар жүйке жасушаларынан күрделі ми тінін жасау үшін тамшылатып басып шығару әдісін пайдаланған.
Алынған жасушалар тышқанның миына имплантацияланыпты. Жасушалар тамыр жайып, кәдімгі табиғи жүйке жасушаларындай қызмет атқарып кеткен. Енді ғалымдар адамдардың жүйке жасушаларына көшпек.
