Жамбыл облысының тұрғынынан жалпы құны 10 млн теңге болатын есірткі тәркіленді
229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты тәркіленді.
Жамбыл облысының тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуық болатын марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қарасора – 2023» ЖПІШ аясында Мойынқұм ауданының құмды аймағынан есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды.
Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Жасырын орынды тексеру барысында өсімдік тектес заттары бар 17 полиэтилен қап және ұнтақталған заты бар 2 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі затын ұнтақтауға арналған елек табылып, тәркіленді.
«Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған заттардың жалпы салмағы 229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты екені расталды. Қара нарықтағы бағасы шамамен 10 млн теңгеге жуық», – делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.