Алматы облысында зорланған екі бүлдіршінге қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында егіздерді зорлау ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды.

Алматы облысында зорланған екі бүлдіршінге қатысты жаңа дерек шықты
ашық дереккөз
1110

КТК арнасының мәліметінше, қыздардың туған анасы шамамаен жиырма жастағы келіншек. Сондай-ақ есірткіге тәуелді екені белгілі болды.  Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ, қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған.

Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні анасын шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген.

Анасы қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр. Айтуынша, қылмыс жасаған кезде келіні жақын жерде болған және бәрін көрген.

«Мен оған басқалардың балаларымен араласпа, оларға жақындама деп айтқанмын. Ол мас болған. Енді қылмысы үшін жауап берсін! Мен мұндай жаман ұл өсірген жоқпын», – дейді күдіктінің анасы.

Көршілер 40 жастағы күдіктінің мас күйін сан мәрте көрген. Олардың айтуынша, үй иесі бірнеше жыл бұрын үйленген. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.

 «Түнде балаларды зорлады деп естідік. Көршілер шуылдады. Полиция мен жедел жәрдем дәрігерлері келді. Мен отбасының ішімдік ішетінін естідім. Қылмыскердің анасы көз жасын тыя алмай отыр», – дейді көршісі Гүлназ Нұрзилова.

Қазір оқиға болған үйдің аумағы жартылай қоршалған.

Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр. Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.

Аталған оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі пікір білдірген болатын.

«Балалардың жағдайы орташа. Дәрігерлер олардың ауруханаға түскенде бірден зорлық көргенін анықтады. Полицияға да дереу хабар берілді. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазір өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмекпен қатар, психологтар да жұмыс істеп жатыр», – дейді Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары