17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған қыздар қазір қалай өмір сүріп жатыр?

Олар 17 жыл ішінде адам танымастай өзгерген.

17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған қыздар қазір қалай өмір сүріп жатыр?
2422

Түркістан облысында туған ағасы 17 жыл бойы еңбек құлдығына жеккен Назгүл мен Құндыздың оқиғасы жұртшылықты бейжай қалдырмаған еді. Қазір қыздардың өмірі жақсы жаққа қарай өзгере бастаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жазба жариялап, көптің қолдауы қыздардың өміріне оң әсер етіп жатқанын айтты.

«Құндыз бен Назгүлге шымкенттік оқырманым өзінің дүкенінен бір сөмке киім-кешек салып жіберді! Қараңыздаршы, қыздар мәз. Барлық киім жараса кетті. Су жаңа киімді киіп алып, қыздар қыдыруға дайын! Аллаға шүкір, ардақты ағайын! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында қос қыздың өмірі жақсы жаққа қарай өзгеруде. Болашақтары баянды болу үшін әлі де біраз жұмыстар атқарылады. Бастысы, қыздардың бойындағы үміт пен сәуле сөнбесін дейміз…» деп жазды журналист.

 

Серіктес жаңалықтары