Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Азиаданың чемпионы атанды

Тоқтарбек Азиаданың 1/8 финалында ол қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды жеңген еді.

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Азиаданың чемпионы атанды
ашық дереккөз

Қытайда туып-өскен боксшы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Тоқтарбек финалда Филиппин өкілі Эумир Феликс Марсьяльді төрешілер шешімі бойынша жеңді.  Осылайша, ол Азиада ойындарының алтын жүлдесін ұтып алды.

Еске сала кетейік, Тоқтарбек Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Азиаданың 1/8 финалында ол қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды жеңген еді.