Бас прокуратура: 1 432 мұғалімнің зейнетақы төлемі аударылмаған

Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған.

Бас прокуратура: 1 432 мұғалімнің зейнетақы төлемі аударылмаған
kapital.kz
1022

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалуына ықпал етті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Бас прокуратураның ақпаратынша, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.

Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.

Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау - прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары