Танымал өнер адамын өлтірді деген күдікті 27 жылдан кейін ұсталды

Бұған дейін Дэвис аталған іске куәгер ретінде қатысқан.

Танымал өнер адамын өлтірді деген күдікті 27 жылдан кейін ұсталды
Ашық дереккөз
3055

АҚШ полициясы америкалық рэпер Тупак Шакурды өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лас-Вегаста супержұлдыздың көлігіне оқ жаудырған оқиғадан 27 жыл өткен соң банда жетекшісі және есірткі сатушысы ретінде сипатталған Дуэйн Дэвиске ресми түрде айып тағылды.

Бұған дейін Дэвис аталған іске куәгер ретінде қатысқан. Ол 1996 жылдың 13 қыркүйегінде атыс болған көлікте болғанын сұхбатында айтқан болатын. Дэвис өзінің айғақтарында Тупакпен қақтығысқан және сол оқиғалардан екі жыл өткен соң қайтыс болған жиенін кісі өлтіруші деп атады.

Серіктес жаңалықтары