Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады
Ашық дереккөз

Бүгін Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі.

Сағат 14:45-те 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді. Ол қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда Қазақстанның екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді.

Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен кездеседі. Бұл жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.