Бүгін қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шығады

Кешкі сессияда қазақ боксшыларының қатысуымен үш жекпе-жек болады.

Бүгін қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шығады
Ашық дереккөз
1240

Бүгін Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның бес боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы ширек финалда Жайна Шекербекова үндістандық Притимен кездеседі, жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады.

Сағат 14:30-да 92 келіден жоғары салмақта ерлер арасында ширек финалдық жекпе-жек өтеді: Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн өкілі Данис Латыповпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда қазақ боксшыларының қатысуымен үш жекпе-жек болады. Сағат 17:30-да 75 келіге дейінгі әйелдер арасындағы ширек финалда Валентина Хальзова қытайлық Цянь Лимен кездеседі.

Сағат 18:45-те ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жек басталып, Махмұд Сабырхан солтүстіккореялық О Тэ Беоммен қолғап түйістіреді.

Сағат 19:15-те Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаевпен ширек финалдық кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасының сайтында көруге болады.

Серіктес жаңалықтары