Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге ие болды.

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті
Фото: ашық дереккөз
1231

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде алды, деп хабарлады turkystan.kz

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 15.100 балл жинады. Алтын медаль тайпейлік Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) бұйырды, ал күміс жүлдені жапондық Рета Цумура (15.166 балл) иеленді.

Серіктес жаңалықтары