Қарағандыны су басты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қаладағы канализация су ағынына төтеп бере алмай жатқанын көрсететін видеолар тарады.

Қарағандыны су басты (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр/instagram.com. denski_blog

Нөсер жауын салдарынан Қарағанды көшелерін су басты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде қаладағы канализация су ағынына төтеп бере алмай жатқанын көрсететін видеолар тарады. Одан көліктер суда қалып, тұрғындар көшеде тізеге дейін жеткен суда жүргенін көруге болады.

Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожықов Instagram желісіндегі ресми парақшасында нөсер жауын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.