Қазақстанның кей өңірінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның кей өңірінде үсік жүреді
ашық дереккөз
1670

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. 

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады. 

Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарын тұман басады. Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады. 

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары