1601
Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль олжалады
Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті мәлімдеді.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласқан Шархан Оңтүстік Корея өкілі Йон Хун Воннан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті.
Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Отандық татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.