Ақтауда танымал фотограф із-түзсіз жоғалды

Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні көрген.

Ақтауда танымал фотограф із-түзсіз жоғалды
әлеуметтік желіден алынды

Ақтауда танымал фотограф Бауыржан Асылбаев жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, ер адамды іздеу жұмыстарын Lider.kz қозғалысының еріктілері жүргізіп жатыр.
Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні, 22 қыркүйек кешінде 8-шағынаудандағы №7 үйдің жанынан көрген. Иығында жолдорбасы болған.

«Бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа. Ер адам сұр түсті спорттық күртке, джинсы шалбар, кроссовка киген. Іздеу жарияланған ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(700)499-72-92», – делінген хабарламада.