Азиада-2023: қазақстандық дзюдошы қоржынға қола жүлде салды

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен бесінші медаль.

Азиада-2023: қазақстандық дзюдошы қоржынға қола жүлде салды
2357

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдені еншіледі.

81 келіде белдескен ол қола жүлде үшін таласта өзбекстандық Мусо Собировты иппон әдісімен жеңіп, жүлдегер атанды.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен бесінші медаль. Бұған дейін дзюдошылар Әбиба Әбужақынова күміс, Мағжан Шамшадин мен Эсмигуль Куюлова қола, оқ атудан Никита Чирюкин қола жүлде иеленген болатын.

Серіктес жаңалықтары