Палестинада 20 ғасыр бұрынғы табыт табылды

Табыттың ішінен тұрмыстық заттар анықталды

Палестинада 20 ғасыр бұрынғы табыт табылды
ambivert.club

Палестинаның Газа қаласында 20 ғасыр бұрынғы тас табыт табылды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Археологтар ол Рим дәуіріне тиесілі дейді. Зерттеушілер жалпы 125 ежелгі зиратты ашып көрген. Арада 2 мың жыл өтсе де, қабірдегі адам сүйектері сол күйі сақталыпты. Қаңқалардың жанынан түрлі құрал-сайман мен тұрмыстық заттар да анықталды. Мамандар сол кезеңде 4 түрлі жерлеу дәстүрі болғанын айтады.

«Жерленгендердің көбі жасы 50-ден асып, қайтыс болған. Пайдаланған заттарына қарап, олардың тұрмысының жақсы болғанын байқаймыз. Қабірде ер-әйелмен қатар балалар да жерленген», – деді археолог Фадель әл-Отул.