Допингпен ұсталған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бенн допингпен ұсталып, бокстан уақытша шеттелген болатын.

Допингпен ұсталған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Ашық дереккөз

Жартылай орта салмақтағы британиялық проспект Конор Бенн орта салмақтағы экс чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен кез келгенімен айқасуға дайынмын. Соның ішінде Головкин сияқты атақты боксшылармен. Осы жекпе-жеке келісер едім", - деп береді Беннің сөзін Matchroom Boxing. 

Айта кетейік, британиялық боксшы кейінгі рет 2022 жылдың сәуірінде IBO чемпионы болған оңтүстік африкалық Крис ван Хирденмен жұдырықтасты. Қарсыласын нокаутпен жеңген Бенн допингпен ұсталып, бокстан уақытша шеттелген болатын.

Енді Бенн 23 қыркүйек АҚШ-тың Орландо қаласында өтетін Ричардсон Хитчинс - Хосе Сепеда жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады.