Салонда несие рәсімдеген: Қарағандыда 60 жастағы сұлулық салон иесі 66 млн теңге жымқырған

Салон иесі 200 әйелге несие алдыртқан.

Салонда несие рәсімдеген: Қарағандыда 60 жастағы сұлулық салон иесі 66 млн теңге жымқырған
homeinteriors.com.ua

Қарағандыда 60 жастағы кәсіпкер 200 әйелге несие алдыртып, өзі иелік ететін сұлулық салонында әйел күтіміне қажет процедураларды жасаймын деп алдап келген, деп хабарлайды turkystan.kz «Патриот»телеграм арнасына сілтеме жасап.

Салон иесі әйелдердің несиеге алған 66 млн теңгесін қолды қылған. Бьюти индустриясы саласында тәжірибесі мол 60 жастағы кәсіпкер қала ортасынан ғимарат жалдап, сұлулық салонын ашқан. Содан соң салонға келуші әйелдерді несие алуға көндірген. Бір қызығы, несие рәсімдейтін банк өкілі сұлулық салонның ішінде жұмыс істеген. Әйелдерге қолма-қол ақша берілмей, косметология қызметін көрсету жөніндегі келісімшарт рәсімделген. Алайда, келісімшартта көрсетілген процедуралар мен қызмет түрі сол күйі көрсетілмеген. Салон иесі уақыт жоқ әрі қызметкер саны аз деп кейінге шегерген.

Бүгін ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген сұлулық салон иесіне қатысты үкім шығып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.