841
1 млрд теңге жымқырған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды
Күдікті тоғыз жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркиядан қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
«Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды, соның ішінде аурухана салуға арналған», - деп мәлімдеді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Қазақстандық осы қылмысы үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.