Белгілі композитор дүниеден өтті

Композитордың неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек айтылмады.

Белгілі композитор дүниеден өтті
adyrna.kz

Ақын, сазгер Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет желі қолданушылары арасында тарады.

Композитордың неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек айтылмады. Фейсбук қолданушылары Арман Қайназаровтың «Шаңырақ» ықшамауданында «Бақытжан» кафесінде соққыға жығылғаны туралы жазды.

Бұған дейін Қайназаровтың үйсіз-күйсіз далада қаңғырып жүргені туралы жазылған болатын. Ол Ұлықпан Жолдас, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әншілерге ән жазған.