Екібастұзда төрт жастағы бала кәріз шұңқырына түсіп кетті

Бала шамамен сағат 13:39-да ауруханаға жеткізілді.

Екібастұзда төрт жастағы бала кәріз шұңқырына түсіп кетті
Фото: egemen.kz
727

Екібастұзда 4 жасар бала беті ашық тұрған кәріз шұңқырына түсіп кетті. Оқиға 18 қыркүйекте болған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бала шамамен сағат 13:39-да ауруханаға жеткізілді. Медициналық бригада оқиға орнына бес минутта жеткен.

Белгілі болғандай, Оңтүстік ауылына кәріз құбырын жүргізу кезінде шұңқырдың темір қақпағы бүлінген. «Горводоканал» мекемесі қазір асфальтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

«Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем көлігі келгенге дейін баланы өз беттерімен құдықтан алып шыққан. Тізе мен арқа жарақатын алған төрт жасар бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді», – деді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары