Алматыда қоғамдық орында түкірген 70-тен астам азамат айыппұл арқалады

Айыппұл сомасы 433 мың теңгені құрады

Алматыда қоғамдық орында түкірген 70-тен астам азамат айыппұл арқалады
ulysmedia.kz
1172

Алматыда қоғамдық орында түкірген 70-тен астам азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен квалификацияланады.

«Ұсақ бұзақылық, санитарлық нормаларды бұзу – бұл қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетінің төмендігінің көрінісі. Сонымен қатар, қоғамды сыйламау мен қоршаған ортаны менсінбеуді білдіреді. тәртіп бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды тәртіпті сақтауға, заңды бұзбауға шақырамын. Қоғам бірлесе отырып, өз қаласының табиғи құндылықтары мен моральдық-мәдени келбетін сақтай алады. Ал Алматы Қазақстанның қаржы-экономикалық және мәдени орталығы ретінде тек азаматтардың көмегімен өз мәртебесін, жақсы имиджін сақтап қалуы керек», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар, Алматы полициясы цифрлық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ҚР ІІМ жүзеге асырып жатқан «102» қосымшасы арқылы полицияға хабарласудың балама тәсілдерін еске салды.

«Айта кету керек, Алматы тұрғындары белсенділік танытып, заң мен тәртіпті сақтауға өз үлесін қосып жатыр. Олар қолжетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды. Жыл басынан бері «102» қосымшасы арқылы азаматтар 10 мыңға жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – адамдардың қоғамдық орындарда түкіруі. Алматыда полицейлер 11-15 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 257 дерегін анықтаса, оның 71-і – көшеге түкіргендер. Айыппұл сомасы – 433 мың теңге», – деді Ұзабаев.

 

Серіктес жаңалықтары