Күрестен ӘЧ: бүгін 6 балуанымыз белдесу өткізеді

Іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 14:30-дан бастап, «Qazaqstan» ұлттық арнасы және qazsporttv.kz сайтында көрсетіледі.

Күрестен ӘЧ: бүгін 6 балуанымыз белдесу өткізеді
Ашық дереккөз

Белград қаласында күрес түрлерінен Әлем Чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін бозкілемде белдесетін қазақстандықтар:

57 келі - Мейрамбек Қартбай;

65 келі - Әділ Оспанов;

74 келі - Нұрқожа Қайпанов;

79 келі - Болат Сақаев;

92 келі - Ризабек Айтмұхан;

97 келі - Әлішер Ерғали.

Сонымен қатар кешкі сессияда Әлем біріншілігінің алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болады. Қола жүлде үшін 86 келі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков күреседі.