1601
Прокуратураның тексерісінен кейін вахташыларға 32 млн теңге жалақы төленді
180 қызметкерге 32 миллион теңге жалақы төленген.
Атырау облысында прокурорлардың тексерісінен кейін жұмыс беруші ауысымдағы 180 жұмысшыға 32 млн теңге жалақы төледі, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жылыой ауданының прокуратурасы қадағалаудағы аумақта жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.
"Теңіз кеніші аумағында "БатысТехИнвест" ЖШС жұмысшыларының жалақысын, сондай-ақ "ЖылыойСу" МКК мен "ИнтерТаско" ЖШС қызметкерлеріне зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлемеу фактілері анықталды", - делінген қадағалау органы таратқан мәлімдемеде.
Ұсынылған прокурорлық қадағалау актілерінің қорытындысы бойынша 180 қызметкерге 32 миллион теңге жалақы, сонымен қатар 744 қызметкерге 48 миллион теңге зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленді.