Францияда IPHONE 12-ні сатуға тыйым салынды

Талап орындалмаса, Apple ел аумағындағы барлық iPhone 12-ні кері қайтаруы керек болады.

Францияда IPHONE 12-ні сатуға тыйым салынды
Ашық дереккөз
1449

Өйткені смартфон шамадан тыс электромагниттік сәуле шығарады. Жиілік жөніндегі ұлттық агенттік мамандары осылай дейді, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ Apple мұнымен келіскісі жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, iPhone 12 әртүрлі халықаралық ұйымдардың сертификаттарына ие екенін және радиация саласында қолданылатын барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес деп танылған.

Десе де Франция билігі бұл телефонды тиісті нормаға сәйкестендіру керегін айтып, америкалық корпорацияға 2 апта уақыт берді. Егер талап орындалмаса, Apple ел аумағындағы барлық iPhone 12-ні кері қайтаруы керек болады.

Серіктес жаңалықтары