17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың ендігі тағдыры не болмақ?

Көпшілік олардың ендігі тағдыры не боларына алаңдаулы.

17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың ендігі тағдыры не болмақ?
9584

Түркістан облысында туған ағасы 17 жыл бойы еңбек құлдығына жеккен Назгүл бен Құндыздың оқиғасы жұртшылықты бейжай қалдырмады. Көпшілік әлі де олардың ендігі тағдыры не боларына алаңдаулы. «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлады  turkystan.kz.

Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, қыздар енді Алматыда емделеді. Қазір олар қауіпсіз жерде күн кешіп жатыр.

«Назгүл мен Құндызды таныдыңыздар ма? Аллаға шүкір, қыздар күн өткен сайын сұлуланып барады. Салон түгілі шашын тарауға мұршасы болмаған қыздар қазір қауіпсіз ортада бейғам күн кешіп жатыр. Алдағы уақытта Алматы қаласындағы жеке клиникада ем-дом шараларын жүргіземіз. Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты тергеу ісі басталды», - деп жазды тележүргізуші Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, еңбек құлдығына түскен қыздар 17 жыл ішінде адам танымастай өзгерген. Ағасы Cәулебек Әбілдаев оларға былтырдан бері ресми түрде қамқоршы болған. Қыздардың жағдайы туралы бағдарламаға сыныптастары келіп, айтып берген еді.  

Апалы-сіңлінің жағдайын халыққа жеткізген сыныптасына үй берілгенін жазған болатынбыз. 

 

 

Серіктес жаңалықтары