Ғалымдар денсаулыққа зияны жоқ алкоголь жасап шығарды

Ғалымдар денсаулыққа зияны жоқ алкоголь жасап шығарды

Ғалымдар денсаулыққа зияны жоқ алкоголь жасап шығарды
ашық дереккөзі
51618
Британдық ғалымдар ішкеннен кейін ертеңіне басты ауыртпайтын, бауырға зиян тигізбейтін алкоголь ойлап тапты. GABA Labs зертханасында дәмі жоқ, бірақ масаңдататын әсері бар синтетикалық алкоголь жасалды деп хабарлайды turkystan.kz сайты newtimes.kz порталына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша оны кез келген сусын түріне қосуға болады. Оны ішкен адам көңілді әрі көпшіл бола бастайды. Жаңа өнімнің денсаулыққа ешқандай зияны жоқ, жүрек, ми, бауырға кері әсер етпейді. Ғалымдар өздері жасаған өнімнің маскүнемдіктен зардап шешетін миллиондаған адамның өмірін құтқаратынына сенімді. Әзірге сұйықтықтың құрамы құпия. The Wall Street Journal басылымының жазуынша, инновациялық жоба аяқталуға жақын. Жаңа өнім барлық бақылау сатыларынан өтіп, мақұлданса 2026 жылы нарыққа жол тартады.

Серіктес жаңалықтары