Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі

Қазақстан құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
 
Финалда команда Грузия құрамасынан жеңілді. Халықаралық шахмат федерациясының сайтында командалар арасындағы сайыс тәжірибе мен таланттың жекпе-жегі болғаны туралы жазылады.

Грузиялық ойыншылар жас әрі дарынды Қазақстан құрамасынан басым түсті. Жастар (орташа жас – 18) үмітті ақтады, күміс медаль еншілеп қайтты , - делінген ФИДЕ хабарламасында.

Бұл медаль Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең үздік жетістігі болды.