Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйін бұзуды талап етті

Нұржан Ережеповтың айтуынша, педофил тұрған үй маскүнемдердің ордасына айналып кеткен.

Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйін бұзуды талап етті
ашық дереккөзі

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында педофилдің қолынан қайтыс болған Еркежан Нұрмаханның әкесі көрші үйді бұзып тастауды талап етті, деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz
сайтына сілтеме жасап.
 

Нұржан Ережеповтың айтуынша, педофил тұрған үй маскүнемдердің ордасына айналып кеткен.

Бірнеше күн бұрын көршілер қоңырау шалып, педофил тұрған үйде жарық жанып тұрғанын айтты. Әлгі үйге кірсе, арақтың бөтелкесі, ыдыс жатыр. Бірақ іште ешкім жоқ. Біз Үкіметтен үйді толығымен бұзып, орнына халыққа жақсы, пайдалы ғимарат салуды сұраймыз. Жоғарыдағылар да ол үйді бұзамыз деп айтқан. Бұзып тастау керек, - дейді Ережепов.