Беймәлім тіршілік иесі табылды

Беймәлім тіршілік иесі табылды

Беймәлім тіршілік иесі табылды
ашық дереккөзі

Тынық мұхиты түбінен  алтын түсті шар табылды. Оның теріге ұқсас  және жұқа беті бар. Ғалымдар бұл белгісіз тіршілік иесінің жұмыртқасы болуы мүмкін деп болжам жасап отыр деп хабарлайды turkystan.kz сайты zhasalash.kz сайтына сілтеме жасап.  «Алясканың Тынық мұхиты жағалауында мұхит түбінен белгісіз теңіз жәндігі салған жұмыртқа болуы мүмкін жұмбақ алтын шар табылды. Ортасында қызықты тесігі бар  нысанды қашықтан басқару құралы екі мильдей тереңдікте тапты», – деп жазады  британдық Guardian газеті. «Бұл қорқынышты фильмнің басы сияқты», — деді зерттеушілердің бірі. Басылымның хабарлауынша, мамандар нысанның шығу тегін анықтау үшін сынақтар мен ДНҚ сараптамасын жүргізіп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша бұл заттың жұмыртқа екені анықталса, онда ол теңіз жануарларының тұқымдасына жататын болуы мүмкін.