Оралда 53 жастағы әйел 9 күннен бері табылмай жатыр

Оралда 53 жастағы әйел 9 күннен бері табылмай жатыр

Оралда 53 жастағы әйел 9 күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі

Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған. Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты. Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған. Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады ведомстводан.