50639
Бір әулеттің 11 адамы суға кетті: сегізінің денесі табылды
Бір әулеттің 11 адамы суға кетті: сегізінің денесі табылды
Түркістан облысында 11 адам өзенге батып кетті. Департаменттің мәліметінше, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-сы – ересек.
Қазіргі уақытта 11 адамның 8-інің денесі судан шығарылды, қалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Құтқарушыларға іздестіру жұмыстарында қиындық туғызып жатқан жағдайлар:
- өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр);
- өзен астындағы құлаған ағаштар;
- түнгі мезгілде су астындағы көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы.