Шығыс Қазақстанда санитарлық жағдайға бақылау күшейтілді

/
Шығыс Қазақстанда санитарлық жағдайға бақылау күшейтілді
polisia.kz

ШҚО-да санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және елдімекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін анықтады. Бірінші жағдайда 65 жастағы жергілікті тұрғын өзі тұратын үйдің ауласынан тыс жерге тұрмыстық қалдықтарды жинаған.

Екінші жағдайда 58 жастағы тұрғыны аула аумағынан тыс жерге күл, қоқыс және шөп қалдықтарын төккен. Екі дерекке де құқықтық баға берілді. Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына ескерту жасалды.

Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға жинамауға және іргелес аумақтарды қоқыспен ластамауға шақырады. Мұндай әрекеттер елдімекендердің көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаның санитарлық жағдайына да кері әсер етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары