Ұлытау облысында полиция тасжолдарда бақылауды күшейтті

/
Ұлытау облысында полиция тасжолдарда бақылауды күшейтті
Polisia.kz

Ұлытау облысында полиция көктайғаққа байланысты тасжолдарда бақылауды күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ пайда болуына байланысты Жезқазған – Қарағанды автожолының бойында патрульдік полиция ротасының инспекторлары профилактикалық жұмыс жүргізді.

Полицейлер көліктердің қысқы дөңгелектерге ауыстырылуын тексеріп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.

Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары