«AMANAT» кеңесінде өңірдің түйінді мәселелері талқыланды

«AMANAT» кеңесінде өңірдің түйінді мәселелері талқыланды

«AMANAT» кеңесінде өңірдің түйінді мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
50289
«AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестердің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында кәсіпкерлік саласына қатысты өңірлерде қордаланып қалған түйінді мәселелер талқыланды.  width= Астанада өткен басқосуға Оқу-ағарту вице-министрі, Ауыл шаруашылық вице-министрі, Энергетика вице-министрі, Денсаулық сақтау вице-министрі, «Атамекен» ҰКП өкілі және бизнес қауымдастықтардың басшылары қатысты. Ал өңір азаматтары отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.  width=
«Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі мәселелерді тез арада шешу, оған ықпал ету және «Халықпен бірге!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы. Осы күнге дейін 10 өңірді тыңдадық. Бүгінгі жиынмен 13 өңір болады. Сол өңірлердің ішінде бірталай кәсіпкерлер сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 150-ден астам сұрақ қойылды. Олардың ішінде 1/3 шешімін тапты. Ал шешілмеген  мәселелердің реестрі құрастырылып, қыркүйек айында Партия жетекшісі, Үкімет басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтеді. Сол жиында ол мәселелер көтерілетін болады», - деді Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
Қарағанды, Ұлытау, Алматы және Павлодар облыстарының депутаттары мен кәсіпкерлері министрлік өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.  width= Алғашқылардың бірі болып, Қарағанды облысының мәслихат депутаты сұрақ қойды. Ол пестицидтерге бөлінетін субсидияның көлемі 2 млрд теңгеден асатынын айтты. Ол бұл салаға 1,5 млрд теңге қаржы жетіспейтінін алға тартты.
«Бұл мәселе жүйелілікті қажет етеді. Субсидияға қатысты жетіспеушіліктер әртүрлі болады. Келесі жылға таман оның көп үлесін жабу жоспарланып отыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Сондай-ақ, жиын барысында кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау кезіндегі кедергілер туралы сұрақтар қойылды.  

Серіктес жаңалықтары