51396
Қазақстанда кітап пен кеңсе тауарлары 45% қымбаттады
Қазақстанда кітап пен кеңсе тауарлары 45% қымбаттады
Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады, деп хабарлады turkystan.kz.
Energyprom.kz сайтының мәліметінше, кітаптар 15%, оның ішінде шет тілінің сөздіктері 15% қымбаттады. Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы — 99,6%, мектеп дәптері — 77,2%, сурет дәптері — 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы — 41,9%, шар қалам — 38,6% қымбаттады.
«Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қатты елордада қымбаттады: бір жылда 76,2%. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады», - делінген хабарламада.Білім беруге келетін болсақ, 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, баға бір жылда 13% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі — 10,4%, орта білім — 8,3%, кәсіптік орта білім — 18,7%, жоғары білім — 14,4%, ересектерге арналған білім — 16% қымбаттады.
«Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: 26,3%. Одан кейін Қостанай (26,2%) және Ұлытау (25,9%) облыстары. Ал баға ең аз өскен өңір Жетісу облысы: бар болғаны 1,5%», - делінген хабарламада.